Air Astana IPO-сы шеңберінде берілген өтінімдердің 27%-ын Freedom Broker компаниясы жинаған. Компания мен клиенттері IPO шеңберінде 11,8 млн қарапайым акция мен 2,2 млн ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) сатып алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Freedom Broker-ге жалы көлемі 131 млн АҚШ долларын құрайтын 7,8 мыңнан астам өтінім келіп түсіп, биржаларға жөнелтілген. Брокер арқылы берілген бұл өтінімдер IPO-ға қатысқан қазақстандық инвесторлар сұранысының 27 пайызына тең. Сұраныс көлемі 483 млн АҚШ долларынан асқан. 7,5 мың бірегей клиент өтінім берген.
Өтінімдер 49 млн АҚШ долларына тең сомаға қанағаттандырылған. Бұл IPO барысында қанағаттандырылған өтінім сомасының 13%-ын құрайды. Қазақстандық нарықта қанағаттандырылған жалпы...