Қазақстандық IT-мамандар үшін дәл қазір ең тартымды жұмыс орны – Yandex компаниясында. Отандық мамандар «Қазақтелеком» компаниясында жұмыс істеуге құлықсыз. Жұмыс берушіні таңдаудағы негізгі факторлар: жалақы деңгейі, командадағы атмосфера, сондай-ақ кәсіби даму мүмкіндігі. Бұл туралы People Consulting консалтингтік фирмасының сауалнамасы нәтижесінде жазылған.
Консалтингтік фирма қазақстандық еңбек нарығында 500-ден астам IT-мамандардан сұхбат алған. Олардың арасында дизайнерлер, өнім-менеджерлері, HR қызметкерлері және менеджмент өкілдері бар. Шамамен үштен екісі (60%) – Мiddle немесе Senior деңгейінде. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы кеңседе жұмыс істейді, ал өзгелері әлі де гибридті жұмыс форматын қалайды. Респонденттердің үштен екісі жергілікті немесе шетелдік компаниядағы жұмыс арасындағы айырмашылық жоғын айтады. Үштен бірі шетелдік фирмаға жұмысқа...