«ҚазАгроҚаржы» ұйымы «Жеңілдікті лизинг» және «Қазақстанда жасалған» жеңілдік бағдарламаларына өтінім қабылдайды. Лизингпен техника және отандық көлік жабдықтарын алғысы келген фермерлер 2024 жылдың 14 ақпанынан өтініш бере алады.
Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ баспасөз қызметі хабарлады. «ҚазАгроҚаржы» холдинг құрамына кіреді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ аталмыш шараға қызығушылық танытқан фермерлерді жеңілдікті лизинг бағдарламасына қатысуға шақырады», – делінген хабарламада.
«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы
Бағдарламаны жүзеге асыруға 9,2 млрд теңге бөлінген. Тіркелмелі, елімізде өндіріліп/құрастырылған отандық көлік жабдықтарын лизингпен сатып алуға болады. Лизинг 10 жылға дейін беріледі. Жылдық мөлшерлемесі – 6%. Лизингке алынатын техника құнының 15%-нан бастап алдын ала...