Мәжілісте өткен «Орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес» тақырыбындағы Үкімет сағатында орман шаруашылықтарын интернетпен қамту мәселесі талқыланды.
Депутат Ерлан Саиров орман шаурашылықтарында интернеттің жоқтығын айтты. Егер шаруашылықтар интернетпен қамтылған болса, Абай облысында болған өртте қаза болған азаматтарды құтқару мүмкіндігі жоғары болатын еді деп атап өтті.
«Абай облысында өрт болған кезде сол жердегі орманшыларда телефон байланысы болмаған. Біз Абай облысында болдық. Орманшылардың айтуынша, егер оларда байланыс болғанда, құтқару мүмкін екенін айтты. Егер интернет болған жағдайда қайғылы оқиға болмас па еді. Цифрлық министрлік бүгінгі таңда орман шаруашылықтарын интернетпен және ұялы байланыспен қамту үшін нақты...