Батыс Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры қамауға алынды. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – делінген баспасөз хабарламасында.
Дирекция басшысы 2021-2022 жылдары жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған деп күдіктеледі. Күдікті бұл қаражатты «Artsport» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге бөлген. Бар қаржат өзі қадағалайтын «Ақжайық ФК» ЖШС-не жіберілген...