Алматы әуежайында рейстер тағы да кешігіп жатыр. Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana әуе компаниясы ұшу кестесін қалпына келтіруге тырысуда. Оңтүстік астана мен елорда әуежайынан 180 жолаушы діттеген жеріне жете алмай қалған.
Айта кетейік, 16 ақпанда Алматыдағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешіккен. Алматы әуежайынан 12 рейс бойынша әуе кемелері ұша алмай қалды.
Алматы қаласы мен облысында ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа өңірлерінде де күн райы бұзылған. Атап айтқанда, Астана, Семей қаласы және Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында ауа райы нашарлаған.
Әуежай мәліметтеріне сәйкес, Air Astana, FlyArystan, Qazaq Air және Qatar Airways рейстері кешігіп, кейінге қалдырылған.
Кеше түскен...