5 қарашада Франция халқы ең төменгі жалақыны көтеруді талап етіп, жаппай наразылық акцияларына шықты. Шерулер кезінде полициямен қақтығыстар болып, ғимараттар өртенген. Ел бойынша 448 адам ұсталды. Бұл туралы DW хабарлады.
Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылыққа шамамен 575 мың адам қатысқан. Ал «Жалпы еңбек конфедерациясы» (CGT) шеруге шыққандардың санын 1,6 миллион деп бағалады.
Ішкі істер министрлігі Марсель, Нант, Лион, Бордо және Страсбург қалаларында жүздеген адамнан құралған топтар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағанын хабарлады. Ведомство оларды «радикалды солшыл экстремистер» деп атады. Алдын ала мәлімет бойынша, ел аумағында 86 рет өрт қою оқиғасы тіркелген. Сондай-ақ бірнеше мектеп бүлініп, білім беру ұйымдарының қызметкерлер...