Қостанай облысында «Эклипс Агро» ЖШС директорының ісі бойынша үкім шықты. Ол 352 тонна бидайды заңсыз сатып, үш тасымалдаушыға көрсетілген қызметі үшін 11,1 млн теңге төлемегені үшін кінәлі деп танылды, деп жазады Kursiv Media.
Прокуратура мәліметінше, 2024 жылғы қазанда компания басшысы шаруа қожалығына тиесілі құны 28,5 млн теңге болатын 352,56 тонна бидайды алған. Кейін астыққа қатысты құжаттар «Эклипс Агро» ЖШС атына қайта рәсімделіп, бидай меншік иесінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға сатылған.
Бұдан бөлек, компания үш тасымалдаушыға көрсеткен көлік қызметтері үшін жалпы сомасы 11,1 млн теңгені төлемеген.
Қорғау тарапы тараптар арасында бірлескен шаруашылық қызмет болғанын алға тартқан. Алайда прокурор бірлескен қызмет туралы...