Қазақстанда «ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету ережелеріне өзгерістер енгізілді. Ішкі істер министрі тиісті бұйрыққа 2026 жылғы 30 қазанда қол қойды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Енді Қазақстан азаматтары, елде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе eGov.kz порталы арқылы шетелде тұрақты тұруға кету құжаттарын 20 жұмыс күні ішінде ала алады. Құжатты алу үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) баж салығын төлеу қажет.
Құжаттардан қате табылса, өтініш берушіге оны түзетуге 15 жұмыс күні беріледі. Осы аралықта негізгі қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады. Кемшіліктер уақытында түзетілсе, өтініш берілген күн бастапқы күнмен есептеледі. Кері жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.