«ҚазТрансОйлдың» Грузиядағы активі – Батуми мұнай терминалы сегіз жылдық үзілістен кейін авиакеросин тасымалын қайта қолға алды. Бұл бағыт Еуропадан Қазақстанға Орта дәліз арқылы отын жеткізудің негізгі тірек нүктесі болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Терминал Еуропа зауыттарында өндірілген JET A1 маркалы авиакеросинді өңдеуге кірісті. Көлемі 10 мың тонна болатын алғашқы отын партиясы Қара теңіз арқылы кемемен жеткізілді. Қазіргі уақытта жүк терминалда сақтаулы тұр. Жақын арада ол Қазақстанға жөнелтілу үшін теміржол вагон-цистерналарына тиеледі.
JET A1 авиакеросині – азаматтық авиация үшін негізгі отын. Ол ұшақтардың қауіпсіз әрі үздіксіз ұшуын қамтамасыз етеді. Қазақстанды бұл отынмен тұрақты қамтамасыз...