Түркияның Измир провинциясына қарасты Алиага қаласындағы HABAS металлургия зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны алты адамға жетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12:00 шамасында орын алды. Алдын ала болжамға сәйкес, жұмыс барысында сұйық болат құйылып жатқан сәтте көпірлі кран пешке құлап кеткен. Дәл осы техникалық ақау немесе қателік жарылысқа түрткі болған.
Бастапқыда билік орындары 3 адамның қаза тауып, 14 адамның жарақат алғанын (оның ішінде үшеуінің жағдайы ауыр екенін) хабарлаған еді. Кейін іздестіру жұмыстары барысында үйінді астынан тағы екі адамның денесі табылып, ауруханаға жеткізілген ауыр жарақат алған науқастардың бірі көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар үйінді астында қалуы мүмкін...