Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде ай сайын коммуналдық қызметке қанша төлейтінін және мемлекеттен төленетін жалақысының мөлшері туралы айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Мен шамамен комуналдық қызметке 73-75 мың теңге төлеймін. «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде тұрамын, ай сайын коммуналдық қызметтерге шамамен осы соманы төлеймін. Бұл соманың ішіне интернет ақысы кірмейді, қателеспесем, автотұрақ төлемі де кірмейді, мен бір паркингті жалға аламын. Ал менің мемлекет төлейтін жалақым шамамен 1 миллион 200 мың теңге төңірегінде«, – деді министр.
Сонымен қатар журналистер Ерлан Ақкенженовке елдегі электр энергиясын тұтыну көлемінің жыл сайын 1-1,5%-ға өсіп жатқанын еске...