БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ХАМАС пен Израиль арасында соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бергі 300 күн ішінде Газа секторында кемінде 300 баланың қаза тапқанын хабарлады.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта палестиналық отбасылар аймақ аумағының үштен бір бөлігінде ғана, қираған ғимараттар мен үйінділер арасында өмір сүруге мәжбүр. ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша өңірлік директоры Эдуард Бейгбедер күн сайын орта есеппен бір бала көз жұматын жағдайды «шынайы бейбітшілік» деп атауға болмайтынын атап өтті.
Сондай-ақ халықаралық ұйым сектордағы гуманитарлық дағдарыс пен медициналық ахуалдың тым ауыр екенін мәлімдеді. Атап айтқанда:
Азық-түлік пен таза су тапшы: Балалар арасында ұзақ уақыт тамақтанбау мен...