Қазақстан үкіметі Алматы және Астана агломерацияларының құрамына кіретін елді мекендер тізіміне өзгеріс енгізді. Тиісті қаулы 2026 жылғы 5 қарашада қабылданды.
Алматы агломерациясының құрамынан алты елді мекен шығарылды. Олар: Заречное, Арна, Жанадаур, Жанаталап, Ынтымақ және Қоянқұс.
Сонымен қатар, агломерация құрамындағы Gate City (Гейт Сити) қаласының орнына Алатау қаласы енгізілді. Ал Астана агломерациясының құрамына Нұрлы елді мекені қосылды.
Бұл өзгерістер осыған дейін болған ірі шешімдердің жалғасы болмақ. Айта кетейік, биыл көктемдегі референдумнан кейін Алатау мен Астана қаласының мәртебесі конституциялық заңмен бекітілетін болды. Кейін депутаттар «Алатау қаласының арнайы режимі туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.
Оқи отырыңыз...