Ұлыбританияда жазасын өтеп шыққан 20 мыңға жуық шетел азаматы өздеріне қатысты депортация туралы шешімі болғанына қарамастан, елде тұрып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
The Times мәліметінше, соңғы жылдары шетелдік қылмыскерлерді елден шығару қарқыны артқан. Атап айтқанда, депортацияланғандар саны 2020 жылғы 8 мыңнан 2025 жылы 36 мыңға дейін өскен. Алайда елден шығарылғандардың 30%-ы ғана шетелдік қылмыскерлер.
2025 жылғы маусымдағы деректер бойынша, депортация туралы ордер шығарылғанына қарамастан, 20 мыңға жуық шетелдік құқық бұзушы бостандықта жүрген. Кейбір елдердің азаматтарын мәжбүрлі түрде қайтару көрсеткіші өте төмен. Мысалы, Нигерия мен Ямайка азаматтарын депортациялау деңгейі 5%-дан төмен. Ал Сомали, Сьерра-Леоне және Конго бойынша...