2023 жылы Қазақстанда 7793 электромобиль тіркелген / Фото: kursiv.media
Қазақстанда электромобильдерге арналған инфрақұрылым дамытылады. Мәжіліс электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
«Бүгінгі таңда әлемде электромобильдер кең таралып оған деген сұраныс артып жатыр. Электромобильдердің әлемдік сатылымы 2020 жылы 3 млн 240 мыңды құраған болатын. 2023 жылы әлемде шамамен 17 млн электромобильдер мен гибридті автомобильдер сатылып, соңғы үш жылда бес есеге артқан. Ал 2030 жылға қарай бензинді қозғалтқыштары бар автомобильдерден толық бас тарту жоспарланып отыр. Зерттеушілердің пікірінше 2035 жылға қарай әлем бойынша эксплуатацияда 130 млн электромобиль болады», – деді депутат Самат...