Коллаж: kursiv.media
Kaspi.kz финтех тобының негізгі акционерлері бағалы қағаздарын америкалық NASDAQ биржасында орналастыру барысында шамамен 1 миллиард доллар табыс тапты. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды. Бұл – компанияның Лондон қор биржасындағы (LSE) депозитарлық қолхаттары бағасына негізделген алдын ала болжамнан 127 миллион доллар артық.
Қанша акция сатылды?
IPO барысында Kaspi.kz иелері әр акцияны 92 доллардан, жалпы саны 11,3 миллион америкалық акция сатты. Олар кейін компанияның жай акцияларына айырбасталды. SEC ұйымына жіберілген хабарламада 9 миллион бағалы қағаз орналастыруға ниетті екені жазылған еді.
Бұған дейін айтылған 873 миллион доллар , бір акцияның нарықтағы бағасы – 97 долларға негізделген. Осылайша...