Фото: kursiv.media
Қаржы нарығының сарапшылары Air Astana қанша тұратынын есептеп көрген. Freedom өкілдері компанияның IPO-ға дейінгі құны 453-575 млрд теңге ($1-1,26 млрд) деп тұжырымдайды. Ал IPO-дан кейінгі бағасы 481-625 млрд теңге немесе 1,06-1,37 млрд долларға жетуі мүмкін.
«Есептелген әділ құн бизнестің жылдам өсуі, нарықтың кеңеюі және бәсекелестік артықшылығы, сондай-ақ дивиденд төлеу әлеуеті жоғары қаржы көрсеткіштеріне негізделген», – деп атап өтті олар.
Айта кетейік, Air Astana компаниясының 2023 жылғы 9 айдағы кірісі күрт өскен. Былтыр қаңтар-қыркүйек айларындағы жалпы түсімі мен өзге де кірісі $900,6 млн құраған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5%-ға...