Қазақстан экономикасы әлі күнге қазба байлықтар экспортына тәуелді. Алайда осы табыстың өзін жыл сайын бұзылып жатқан өзге секторлардың жұмысына жұмсауға тура келеді. Әсіресе соңғы жылдары энергетика секторындағы 30 жыл бойы айтылмай келген проблемалар шығып, әртүрлі өңірлерде жаппай апат болуда. Осы Курсив тілшісі орайда елдегі Энергетика саласының күйреп кетуіне не себеп болғанын ұғып, жағдайды жақсартуға қандай жұмыс атқару қажеттілігін білу үшін энергетика нарығының өкілі, сарапшы Жақып Хайрушевпен сұқбаттасты.
– Қазір жылу электр станциялары мәселесі өте алаңдатады. Қазақстан Екібастұз қателігінен сабақ алды ма? Елдегі жылу, электрмен жабдықтау мәселелерін тиімді шешу үшін не істеуіміз керек?
– Шындығында, жылумен қамту мәселесі ЖЭО-ға қарағанда жылу...