Қазақстандағы коммерциялық банктердің активтері қыркүйек айының басында жылдық мәнде 24,8%-ға өсіп, 57,8 трлн теңгеге жетті. Айлық есепте көрсеткіш 1,8%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Активтердің көлемі бойынша Halyk Bank – 16,6 трлн теңге, Kaspi Bank – 7,4 трлн теңге, «ЦентрКредит Банк» – 5,9 трлн теңгемен алдыңғы қатарда.
Бұл ретте қаржы ұйымдарының міндеттемелері 22,7%-ға өсіп, 49,8 трлн теңгеге жетті. Айлық көрсеткіш 1,6%-ға артты.
Банктердің капиталы 8 трлн теңгеге немесе 3,5%-ға артты. Бір жылда көрсеткіш 31,3% динамика көрсетті. Банктердің міндеттемелері бір айда 1,8%-ға немесе 57,8 трлн теңгеге, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға өсті.
Қыркүйек айының басында банктердің айлы...