Қазақстанда 18-24 жас аралығындағы жастардың 35,7%-ы неміс автоөнеркәсібін, ал 55 жастан асқан азаматтардың 23,5%-ы қытай автокөліктерін таңдайды. Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Әбуев Қазақстан автонарығына зерттеу жасап, БАҚ өкілдеріне таныстырды.
Әбуевтің сөзінше, 18-24 арасындағы жастардың 3,6%-ы, 25-34 жас шамасындағы 3,4%-ы қазақстандық автоөнеркәсіпті таңдайды.
Қытай, неміс, қазақ автоөнеркәсібіне қызығушылық болғанымен, бұл жапон өнеркәсібіне жетпейді. Жалпы Freedom Finance Global сауалнамаларына жауап берген респонденттердің 30,1%-ы жаңа жапон автокөлігін мінгісі келеді.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар Германия (17,2%), Корея (15,6%) және Қытай (13,1%) автокөліктеріне қызығады. Сауалнамаға жауап берген респонденттердің 13,4%-ы өздерінің нақты қандай көлік алғысы келетінін әлі шешпеген.
Респонденттердің 48,5%-ы жаңа автомобиль сатып алғанды жөн көреді. Ал 31,8%-ы мінілген көлікті алуға даяр. Жаңа автомобильді көбінесе...