Кіші Кеннеди биыл Демократиялық партия атынан президенттік сайлауға түсуге ниетті. Ол Мексикамен шекараның қауіпсіздігін күшейтуді және Украинаға қаржылық көмекті тоқтатуды қолдайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Кеннеди мырзаның ұстанымы Президент Байденнен де, республикашылдардан да ерекшеленеді. Ол заңсыз иммиграцияның бақыланбайтын ағынын тоқтату үшін шекара қауіпсіздігін күшейтуді қолдайды. Сондай-ақ , Украинадағы соғысты қаржыландыруды тоқтату қажет»,– деді Кеннеди кіші штаб-пәтерінде.
Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарының 35-ші президенті Джон Кеннедидің жиені, заңгер және саясаткер кіші Роберт Кеннеди 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуға өтінім берген болатын.
Еске сала кетер болсақ, Песков Bloomberg-тің АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі шамамен...