Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Көлік министрлігі ұсынып отырған «жүк тасымалдауға шетелдік рұқсат бланкілерді алу» туралы жаңа жүйесі қазақстандықтарға емес, Беларусь пен Ресейден келген релоканттарға жағдай жасап жатыр деп дабыл қағып отыр.
11 қаңтар Алматыдағы Көлік және логистика академиясында жүк тасымалдаушылар мен министрлік өкілдері арасында саланың өзекті мәселелері жайлы кеңес өтті.
Мәселе неде? Қазақстанның Көлік министрлігі «жүк тасымалдауға шетелдік рұқсат бланкілерді алудың» жаңа тәртібін ұсынды, яғни жаңа жүйені. Бұрын жүк тасымалдаушылар өзіне қажетті бланкіні алдын ала броньдап, керек уақытта алып, жолға шығып кететін. Енді министрлік бланкілерді тарату жүйесін еркін айналымға жібермек. Бланкі алудың басты шарттарының бірі «тапсырыстың болуы». Яғни кімде тапсырыс бар, сол бланкіні еркін...