Алматыда орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғимараты Президент Іс басқармасына берілді. Яғни Қасым-Жомарт Тоқаев қалада болған кезде өзінің жұмысына арналған кабинетті пайдаланбақ. Бұл туралы Vlast.kz агенттігі хабарлады.
Ғимарат өткен жылдың мамыр айында «мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде берілді» және Президент Іс басқармасына өткен. Кейін ғимаратқа Президент Әкімшілігінің және Президент Іс басқармасы қызметкерлері көшірілген.
«Ғимаратта мемлекет басшысының жұмысына арналған кабинет бар», – деп нақтылады басқарма.
Тоқаев үшін жаңа Резиденция салынады ма? Аталмыш мекеменің мәліметінше, «Алматыда Президент Резиденциясының жаңа ғимаратын салу мәселесі қаралып жатқан жоқ».
Президенттің Алматыдағы бұрынғы Резиденциясы 2022 жылғы қаңтардағы оқиға кезінде қатты зардап...