«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) 749,9 млн долларға тең облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алды. Жалпы шығарылым құны – 1 млрд доллар болған. Енді 250,1 млрд көлемінде өтелмеген қарыз қалған.
«2024 жылғы 12 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өтеу мерзімі 2027 жылғы 19 сәуір деп белгіленген облигацияларды мерзімінен бұрын ішінара өтеуді жүзеге асырды», – делінген хабарламада.
Осылайша «ҚазМұнайГаз» он жылдық облигацияларының қарызын мерзімінен бұрын өтеді. Бұл облигацияларды өтеу мерзімі – 2027 жылдың сәуірі, пайыздық мөлшерлемесі – 4,75% болатын. Жалпы 14,1 млн доллар сыйақы төленген.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы жалпы құны 1 млрд доллар болатын еурооблигацияларын кері сатып...