1 қаңтардан бастап жүргізушілер ұсақ жол-көлік оқиғаларын полиция шақырып, сотқа бармай-ақ, сақтандыруды «Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады.
«Қосымшаның көмегімен жүргізушілер өздері жол-көлік оқиғалары фактісін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді», – деп жазылған Polisia.kz хабарламасында.
«Еурохаттама» мобильді қосымшасы арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің міндетті үш шарты бар.
1) Жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде;
2) Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде;
3) Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен (369 мың теңге...