Фотографтар Еуропада сынақтан өткізіліп жатқан Toyota GR Corolla прототипін суретке түсіріп алды. Оның алдыңғы жағы жабық болғанымен бірден байқалатын өзгеріс – сенсорлардың жоқтығы деп жазады Carscoops.com.
Бұл ақпарат Corolla-ның арнайы моделіне қатысты. Көліктің екі жағында желдеткіші бар. Алдыңғы қанаттары бұрынғы үлгідегі жеті жолақтың орнына екі көлденең жолағы бар үлкенірек бүйірлік желдеткіштермен біріктірілген.
Көлік прототипінің жоғарғы бөлігі карбоннан жасалуы мүмкін. Үлкен артқы қанаты GR Corolla-ның Circuit Edition нұсқасына ұқсайды.
Жалпы модель туралы мәлімет аз, бірақ ол алдын ала GRMN Corolla деп аталды. Үш цилиндрлі қозғалтқыш жаңа сегіз сатылы автоматты беріліс қорабымен, сондай-ақ алты сатылы механикалық беріліс қорабымен біріктіріледі деп күтілуде. GR...