Фото: shutterstock.com
Қазақстандықтар азық-түлікке көбірек ақша жұмсағанымен, тұтынатын тамақтың көлемі азайған. Бұған ҰСБ деректерді дәлел. Бұл туралы Бірінші несие бюросы жазады.
9 айда бөлшек саудада 4,24 трлн теңгенің азық-түлік өнімдері сатылған. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, нақты бағамен өсім 10,8%-ды (411,8 млрд. теңге) құраған.
Алайда бөлшек сауда желілері арқылы сатылатын азық-түлік тауарларының көлемі 6,4% азайды.
Қаңтар-қыркүйек айларында ақшалай мәндегі азық-түлік саудасы өсіп отыр. Алайда көлемі жағынан 3 жыл қатарынан азайып келеді. Яғни, азық-түлікке жұмсайтын ақша көбейгенімен, оған сатып алатын тауар көлемі аз.
Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақтанның 14 өңірінде азық-түлік тауарларының бөлшек саудада сатылған көлемі азайғаны байқалды...