2024 жылдың 1 қаңтарынан жол-көлік оқиғасын онлайн-тіркеу бойынша мыңнан астам өтініш келіп түскен.
«2024 жылдың алғашқы күндердің қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес, бас-аяғы 1099 өтініш түскен. Оның ішінде тек 6 өтінім ғана «тіркелді» деген соңғы мәртебеге ие болды. Яғни жол-көлік оқиғасындағы екі қатысушысы қол қойды және өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының қызметіне жіберілді», – деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюро.
Ақпартқа сәйкес, онлайн-тіркеуге келіп түскен өтінімдердің шамамен 60%-ы қолданушылардың өздері әртүрлі себептермен бас тартқан соң, кері қайтарылған. Оған қолданбаны бірінші рет қолдану да себеп болуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда полицияға немесе...