ҚР Ұлттық Банкі мен Ұлттық төлем корпорациясы «Оpen API және Open Banking: пилоттық жобаның нәтижелері туралы» баяндамасының жарияланғанын хабарлады.
Қазіргі таңда елімізде 2023-2025 жылдарға арналған Open API және Open Banking-ті дамытудың бекітілген тұжырымдамасына сәйкес іске асырып отыр.
Бұл пилоттық жобаның өзі барлық қатысушы үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктерді, процестердің ашықтығын, құпиялылықтың жоғары дәрежесін және қаржы ұйымдары клиенттерінің жеке әрі қаржылық деректерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қызмет түрлерін сынақтан өткізуге қазақстандық екінші деңгейлі бес банктің клиенттері қатысты.
«Фокус-топқа 100-ден астам адам кірді. Негізгі сценарий клиенттің ағымдағы шоттары туралы ақпарат алмасуды тек оның өз келісімімен қарастырады. Бұл өз...