Жетіген кентін Алатау қаласы етіп құру инвестиция мен технологияларды, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамыту жән салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға ықпал етеді. Бұл туралы Экономика министрлігі хабарлады.
Үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейтіп, G4 City-ді Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешім шығарған.
Осылайша, Алатау қаласының бүкіл аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады.
Қанша инвестиция тартылады?
Болжамды деректерге сәйкес, АЭА объектілері жобалық қуатына шыққаннан кейін бүкіл кезеңдегі бағаланған жиынтық үлесі 47,3 трлн теңгені, оны...