Air Astana әуекомпаниясының алғашқы жария ұсынысты (IPO) өткізу мүмкіндігін қарастыруға ниетті. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды.
Компания Лондон қор биржасында, AIX және KASE-де бағалы қағаздарды орналастырып, өз дамуына 120 млн доллар тартуды жоспарлап отыр.
«Егер компания ұсынысты жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, онда ол «Стандарт» сегментіндегі FCA бағалы қағаздарының ресми тізіміне ҒДҚ енгізуге және оларды LSE негізгі алаңында ресми сауда-саттыққа жіберуге, акциялар мен ҒДҚ-ны AIX ресми тізіміне және AIX-тегі сауда-саттыққа жіберуге өтінім береді», –делінген хабарламада.
Өтінімдерді қабылдау процедурасы, оның ішінде баға диапазоны мен роуд-шоу туралы хабарландыру қаңтар айының соңында шығады. Отандық инвесторларға ұсынылатын бағалы қағаздар AIX (ҒДҚ және акциялар) және KASE...