«Бәйтерек» басқарушы холдингі 2024 жылдың І жартыжылдығында 205,5 млрд теңге пайда тапқан. Бұл 2023 жылдың 6 айымен салыстырғанда 12%-ға аз. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасында жарияланған аудиттелмеген шоғырландырылған аралық қаржы есебінде жазылған.
Былтыр холдинг қаңтар-маусым аралығында 233,5 млрд теңге пайда алған. Холдингтің пайдасының азаюына операциялық кірістің кемуі мен әкімшілік шығыстардың артуы себеп.
Компанияның активтері жарты жылда 8,1% өсіп 14,7 млрд теңгеге жеткен. 2023 жылдың аяғында холдинг 13,6 трлн теңге актив иеленген. Осы кезеңде холдингтің міндеттемедері де артқан.
Былтыр 31 желтоқсандағы дерек бойынша, компания міндеттемелері 11 трлн теңге болса, қазір 11,9 трлн теңгені құрайды. Сонымен қатар жартыжылдықта...