Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев елдегі инфляция деңгейінің төмендеуіне Ресейден келген арзан импорт әсер етті дегенмен келіспейді. Оның айтуынша, азық-түлік бағасына көптеген факторлар әсер етеді. Арзан импорттың артуы -сол көп фактордың бірі ғана.
Журналистер вице-министрден «кейбір сарапшылар инфляцияның төмендеуін Ресейден келетін арзан тауар импорттың артуымен байланыстырады, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе», деп сұрады
«Қазақстанда нарықтық экономика екенін айтып өткім келеді, Тауар бағына көптеген фактор әсер етеді. Біз әсер ете алатын факторлар: азық-түлік өндірушілер, сауда желілері және өзге де нарық қатысушыларымен жұмыс. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қалыптастырудан әсеріміз үлкен. Басқа азық-түлік тауар бағасына импорт...