2024 жылдан бастап жүкті және босанған әйелдерге берілетін декреттік төлем, жәрдемақыларда қандай өзгеріс болады? Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер нені білуі тиіс? Kursiv Media тілшісі шолу дайындады.
Декреттік демалыс қанша күнге созылады?
Қазақстанда жеңіл босанған жағдайда декреттік демалысқа 126 күн беріледі. Атап айтқанда, босанғанға дейін 70 күн (жүктіліктің 30-аптасында) және босанған соң 56 күн деп есептеледі. Ал енді босанған кезде ауыр өтіп, кесарь тілігі жасалғанда не егіз, үшем болған жағдайда тағы 14 күн қосылады. Бұдан бөлек, ядролық сынақтар өткізілген аймақтардағыларға қалыпты жағдайда 170 күн, ауыр босанғанда не бір баладан көп бала туғанда 184 күн демалыс тағайындалады. Жаңа туған сәбиді асырап...