ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы шекті бағасын бекітті. Ол 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Министрлік жарлығына сәйкес, сұйытылған газдың бір литріне қосылған кұн салығын қоса есептегендегі ең жоғары баға Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарының шалғай аудандарында бекітілген: 86 теңге.
Алматы қаласы, Алматы облысы мен СҚО-да автогаздың бағасы 81 теңгеден аспауға тиіс.
Сонымен қатар;
Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 76 теңге, шалғай аудандарда – 81 теңге; Павлодар облысында – 74 теңге, шалғай елді мекендерде – 79 теңге; Жамбыл облысында – 71 теңге, шалғай елді мекендерде...