Тұмау маусымының басталуына байланысты қазақстандықтарға тұмауға қарсы екпе салына бастайды. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курсивтің» сауалына берген жауабында жазылған. Министрліктің хабарлауынша, екпе дозалары Ресейден Қазақстанның медициналық мекемелеріне қыркүйек айының ортасында жеткізіледі.
«Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС мәліметі бойынша, тұмауға қарсы вакцина осы жылдың қыркүйек айының 1-жартысында жеткізіледі», – делінген жауапта.
Министрлік сауалға берген жауапта Қазақстанға медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халықтың ең осал топтарын иммунизациялауды қамтамасыз ету үшін 2,2 млн-нан астам екпе дозасы сатып алынғанын айтқан. Оның 200 мың дозасы Алматыға, 160 мың дозасы Астанаға, 150 мың дозасы Шымкентке жеткізіледі. Бұл вакцина «Гриппол...