Мәскеу Қазақстанның үшінші елдермен қарым-қатынасына араласпайтынын мәлімдеді және мұның Астанамен экономикалық қарым-қатынасына жағымсыз сыртқы әсері болмайтынына сенім білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары барысында Қазақстанның санкция режимін мүлтіксіз сақтайтынын мәлімдеп, санкия режимін сақтау жөнінде тиісті ұйымдармен ұдайы байланысып отыратынын мәлімдеген болатын. Президенттің бұл мәлімдемесіне Ресей Сртқы істер министрлігі былай деп жауап берді.
«Біз Қазақстан Республикасының үшінші елдермен қарым-қатынасына араласпаймыз, сонымен бірге біз Мәскеу мен Астана арасында кешенді стратегиялық және одақтастық қарым-қатынасқа құрылған стратегиялық өзара келісім бар», деді.
Ресей Сыртық істер министрлігі екі тараптың – саясат пен қауіпсіздік, сауда, инвестиция және басқа да көптеген...