Ұлттық банк 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені қазіргі 14,25% деңгейінде сақтап қалуы мүмкін.
Бұған бірнеше себеп бар. Оның негізгісі – экономикада проинфляциялық қысым күшейген.
Реттеушінің хабарлауынша, дамыған елдердегі орталық банктердің тежеу саясаты нәтижесінде жаһандық инфляция баяулап келеді. Сонымен қатар бұған тұрғын-үй коммуналдық қызметтерінің реформасы аясында тарифтердің қымбаттауы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер әсер етуі мүмкін.
«Ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені бүгінгідей деңгейде сақтау ықтималдығын арттыруға себепші болып...