«Бәйтерек» холдингі «Даму» қоры арқылы 1,3 трлн теңге болатын 21 мыңға жуық жобаға қолдау көрсеткен / Фото: kursiv.media
Биыл Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының желісі бойынша 585 млрд теңгеге кәсіпкерлердің 226 ірі жобасы мен лизингтік мәмілелері қаржыландырылған. Бұл жайлы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровпен кездесу барысында «Бәйтерек» басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров айтты.
Жиын барысында холдингтің 11 айдағы жұмысының қорытындысы шығарылды. Кездесу барысында холдинг қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар талқыланды.
«Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының желісі бойынша 585 млрд теңгеге кәсіпкерлердің 226 ірі жобасы мен лизингтік мәмілелер қаржыландырылды...