Британдық миллиардер Джим Рэтклифф Манчестер Юнайтед футбол клубының 25% акциясын 1,25 миллиард фунт стерлингке (1,3 миллиард доллар) сатып алу туралы келісімге келді, деп жазады BBC.
Кәсіпкер бүкіл клубтың құнын 5,4 миллиард долларға бағалап, «қызыл шайтандар » акциясы үшін 33 доллар төледі. Бұрын хабарланғандай, команда иелері Глейзер отбасы клубты 2005 жылы шамамен 1,35 миллиард долларға сатып алды.
Сонымен қатар, Рэтклифф клубты дамытуға 300 миллион доллар береді.
«Манчестер Юнайтедті» сату туралы келіссөздер 2022 жылдың аяғынан бері жүргізіліп келеді. Бастапқыда Глейзерлер бүкіл клубты сатқысы келді, ал сатып алуға үміткерлердің қатарында АҚШ пен Таяу Шығыстың әртүрлі кәсіпкерлері болды.
Рэтклифф-Ineos химиялық компаниясының иесі. Ол Манчестерде...