Колорадо Жоғарғы соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа штаттағы президенттік сайлауға қатысуға тыйым салды. Шешім күшіне енсе, Трамп бұл штатта сайлана алмайды. Бұл жайлы CNN жазды.
АҚШ Конституциясының 14-ші түзетулеріне сәйкес, шенеуніктер көтеріліске қатысқан болса, мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Сот осыны негізге ала отырып, шешім шығарған.
Азаматтық соғыстан кейін ратификацияланған 14-ші түзету Конституцияны қолдауға ант берген шенеуніктерге, егер олар «бүлікке қатысқан» болса, болашақта мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салады. Бірақ бұл түзетуде нақты президенттік туралы жазылмаған.
Басылымының хабарлауынша, төрт судья Трампты Колорадодағы праймеризден шеттетуді қолдаса, үшеуі қарсы болған. Сот шешімі 2024 жылдың 4 қаңтарында күшіне...