Қазір Қазақстан шекара маңындағы сауданы дамыту үшінтрансшекаралық хаб құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлады kursiv.media.
«2023 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстанның шикізат емес тауарлары айналымы 46,7 млрд доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7%-ға көп. Биыл 7 айда шикізат емес тауарлардың экспорты – 14,2 млрд доллар болды. Қызметтер экспортының көрсеткіші – 2,1 млрд доллар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға өсті», – деді Қайрат Төребаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Шикізат емес тауарлардың үздік үштігіне мыс пен мыс катодтары (олардың үлесі 12,9%), ферроқорытпалар...