Өзбекстан өз атом электр станциясы үшін ядролық отын өндірісін жолға қоюмен қатар, оны Қазақстандағы болашақ АЭС-ке де жеткізе алады. Бұл туралы «Курсивке» британдық New Nuclear Watch Institute (NNWI) өкілдігінің жетекшісі Бауыржан Ибраев айтты.
«Жақында Өзбекстан атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта АЭС салу туралы келісім жасары анық. Менің білуімше олар ядролық отын өндіруді жоспарлап отыр. Оған қоса, пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеуді қолға алуы мүмкін», – деді ол.
Оның пайымдауынша, табиғи уран бағасы қымбаттап жатқанын негізге ала отырып, ертең атом электр станцияларында пайдаланылған ядролық отын айналымға түседі.
«Қайта...