Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салуға қарсылық білдіретіндерді Қазақстаның дамуына қарсы екенін айтты. Ол елде АЭС салуға қарсы арнайы компаниялар жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл жайлы Үкімет сағатынан кейін өткен брифинг барысында айтылды.
Министр елдің экономикалық дамуы үшін атом энергетика саласын дамыту маңызды екенін атап өтті.
«АЭС-тің қаншалықты қажет екенін түсіну үшін соншалықты терең білім керек емес. Өйткені қазір технология дамыған. Олар қауіпсіз. Бізге мұндай технолгиялар керек. Заманауи технологиялар елдегі экономика мен ғылымды дамыту үшін керек», – деді министр.
Сәтқалиев АЭС салынбаса, оның патриоттығымызға сын екенін айтты. Айтуынша, атом электр станциясы салынса, онда...