Қазақстанда қару-жарақ өндірісі уақытша тоқтатылған. Бұл туралы Сенат кулуарында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков айтты.
Вице-министр Қазақстанда қару-жарақ экспортына шектеу қойылып, өндіріс уақытша тоқтатылғанына тілге тиек етті. Сондай-ақ Қазақстанда қаруға қажеттілік шектеулі екенін ескертті.
Сенат кулуарында журналистер вице-министрден «Қазақстанда АК-74 автоматтары өндіріледі деген ақпарат шыққан. Сол қарудың өндірісі біздің елде жолға қойылды ма?» деген сұрақ қойды.
«Ақмола облысында «Тыныс» деген кәсіпорын автомат өндірісімен айналысқан. Сіз айтып отырған өндіріс сол жерде ұйымдастырылды. Алайда қазір белсенді шығарылып жатқан өнім жоқ. Өйткені нарық пен қажеттілік шектеулі. Қазіргі таңда елімізде қару-жарақ экспортына шектеу қойылғанын білесіздер. Сондықтан, өндіріс қазір уақытша тоқтатылды...