фото: kursiv.media
China Global Investment Tracker, ҚХР-ның әлемнің түрлі елдеріне салған ірі инвестициялары туралы мәліметтер базасында Қытай 17 жылда Қазақстан экономикасына 36,7 млрд инвестиция салғанын байқауға болады.
Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясының үштен екісі немесе 25,2 миллиард доллар – энергетика саласындағы жобаларға жұмсалған. Қытайлық инвесторлар Қазақстандағы химия өнеркәсібі, мұнай өңдеудеге қатысты жобаларға 4,4 миллиард доллардан астам қаражат жұмсаған.
Қытайлық компаниялардың ҚР энергосекторындағы ірі инвестициялық мәмілелері
Инвестиция көлемі бойынша да, стратегиялық маңыздылығы бойынша 15 ірі мәмлені жіктеуге болады. Мысалы, China National Pertoleum Corp. (CNPC) «Қазақстан мұнайының қара маржанына» айналған Қашағанның 8% акциясы мен «PetroKazakhstan» компаниясының 67% акциясын сатып...