Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 15,2% өсіп, 29 167.2 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Jusan Analytics зерттеуінде жазылған.
Осы жылы ішкі қарыз 23.4% өсіп, сыртқы қарыз 3.0% кеміген. Соңғы деректерге сәйкес, жалпы мемлекеттік қарыздың 73.9% яғни 21 557.6 млрд теңге ішкі қарыз болса, қалған 7 609.6 млрд теңге сыртқы қарыз.
Үкіметтің болжамына сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда 26% жетуі мүмкін, былтыр 24% болған.
Елдегі маңызды көрсеткіштермен салыстырғанда мемлекеттік қарыздың деңгейі қандай?
KASE индексін капитализациялаудан 20.6% артық. Ал KASE индексі 9 ірі компания (ЦКБ, Kaspi, Халық Банкі, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансОйл, ҚазАтомӨнеркәсіп, KEGOC, Қазақтелеком және Kcell) акцияларын қамтиды. Ақпан айынан бастап, KASE индексін капитализациялау...