Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров апатқа ұшыраған Bek Air ұшқыштарына қатысты іске шақырылды. Сарапшы 2019 жылдың желтоқсанында ұшақ апатынан қаза тапқандардың медициналық құжаттарына талдау жүргізген.
Халимназаровтың айтуынша, адамдардың неден қайтыс болғанын анықтау қиындық тудырмаған.
«Оқиғаның қалай болғанын нақты білдік. Оның ішінде ұшақтың қандай биіктен құлағаны, қозғалыс кезінде қандай кедергілер болғаны белгілі. Тергеу материалдарында бейнежазбалар ұсынылған, авиациялық апат бойынша жасалған қорытындылар бар. Мәйіттерді зерттеу, медициналық құжаттарды талдау нәтижелері де ескерілді. Ұшақ қозғалыс барысында жердегі кедергілерге соқтығысқаны нақты тіркелген, салдарынан фюзеляж бұзылған. Ұшақ белгілі бір жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жердегі кедергіге соғылған кезде инерциялық күш әсерінен экипаж бен жолаушылардың денесі алға...