Енді Haval H6 GT купе-кроссовері Алматыдағы зауытта құрастырылады. Бұған дейін елімізде бұл модельдің Қытайда шығарылған нұсқасы сатылған еді. Қазақстанда құрастырылатындықтан, аталған модельдің бағасы да басқасына қарағанда төмен болуы мүмкін. Бұл туралы «Қытай автокөліктері» порталы хабарлады.
Еске сала кетейік, Haval H6 GT купе-кроссовері Қазақстан нарығында 2024 жылы пайда болды. Ал 2025 жылдың ақпанында компания сыртқы келбеті жаңартылған нұсқасының сатылымы басталғанын хабарлаған еді.
Haval H6 GT Қазақстанда құрастырылады
«Қытай автокөліктері» порталының мәліметінше, Kazstandard деректер базасын тексеру кезінде Haval H6 GT моделінің Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) зауытындағы құрастыру нұсқасы сертификаттаудан өткені белгілі болды. Модель көлік құралының түрін...